Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің ауыл шаруашылығы кафедрасына – 10 жыл

 

 

 

Жағрапия және жаратылыстану факультеті талапкерлердің таңдауына жиі ілігеді. Факультетте 732 студент білім алуда. Оның дені «Ауыл шаруашылығы» кафедрасындағы 2 мамандықты таңдапты. Олар: агрономия және орман шаруашылығы.

Жәрдем Қабиев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Мен агроном мамандығында грантта оқимын. Оқытушылар өте мықты. Сабақтар қызықты өтеді.

Күлбарам Баязитова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Ауыл шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі:
– Кафедрамызда 20 шақты оқытушы бар. 10-ы ауыл шаруашылығы кандидаттар . Лабораториялар жаңа ашылды.

Студенттер дипломмен бірге бакалавр дәрежесін меңгереді. Олардың алған білімдерін шыңдау мақсатында университет өзге ЖОО әріптестік орнатуға әзір.

Аюп Ысқақов, ҚазҰАУ аппаратының жетекшісі
– Көпсатылы деңгей бойынша халықаралық деңгейге шығатын біздің университеттің әлеуеті жоғары. Сондықтан бакалавриатта оқыған студенттерді университетімізге шақырып, өңірге білікті маман ретінде қайтару мақсатымыз.

Семинарда ауыл шаруашылығы мамандығының біліктілігін арттырумен қатар инновациялық технологияларды қолдану әдістері сөз болды. Қостанайлық «Инновационный прогресс» ЖШС егіншілікте австралиялық әдісті қолдануды ұсынып отыр.

Мадина Бірімжанова, «Инновационный прогресс» ЖШС директоры:
Біз қуаңшылық жылдары 2 жыл бойы осы технологияны қолданып келеміз. Ол үшін арнайы шетелдік техника сатып алып, 3 шаруашылықта тәжірибе жүргіздік. Ескі машиналар жердің ылғалды болғанына қарамастан, дәнді тереңге себе алмайды. Ал жаңалары жер қыртысындағы ылғалды оңай табады.

Мұндай әдістерді солтүстікқазақстандық мамандар да өз тәжірибелерінде қолданбақ.

Инеш Шоқақова