Энергетика

Энергетика нысандары жаңартылуда



 

Насос станциясы жаңартылғанға дейін біраз қиындық туындапты. Негізінен басты су сорғыш гидравликалық жүйе  қажетінше жұмыс жасамаған. Осыдан орталық желіге жаңадан қосылған нысандарда қысым төмендеді дейді мамандар.

 Александр Попов, “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженерінің орынбасары:
– Соңғы жылдары бұл желіге бірқатар нысан мен көпқабатты тұрғын үй қосылды. Сондықтан ескісінің қуаттылығы жетпей қалды. Станцияға жаңа дем беру үшін насосты толықтай жаңарттық. Енді бұл ауданға “Грундфос” кәсіпорнының құрылғысы қызмет көрсетеді.  

Шетелдік заманауи құрылғының жиілік реттегіші бар. Жаңашылдық насос үлестіретін жылу қуатын бақылау мүмкіндігін береді. Бұл станцияның үздіксіз қызметін қамтудың бірден бір жолы дейді энергетиктер.

Игорь Осняч, “Петропавл жылу желілері” ЖШС директорының орынбасары:
Бұл ойымызды “Еуропалық даму банкі” арқылы жүзеге асырдық. Аталмыш қаржы институтынан несие алдық. Бұл облыс орталығының жылу жүйесін біршама жақсартып тастады. Былтыр осы мақсатта 7 млн теңге жұмсалды.

Станция толықтай автоматтандырылған. Істен шыққан жағдайда бірден диспетчерге сигнал түседі. Өзге жылу таратқыш нысандар да дәл осындай тәртіптегі жүйемен жабдықталған.

 Александр Попов, “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженерінің орынбасары:
– Диспетчердің пультіне жылу магистралінің негізгі жүйелерінің барлық өлшемдері мен атқарылатын жұмысы енгізіледі. Істен шықса дабыл беріледі. Компьютер ақауды нақты көрсетеді. Біз бірден жөндеу тобына хабарлаймыз. Сондықтан төтенше жағдай дереу қалпына келтіріледі.
 
Өткен жылы энергетиктер 10 насос  станциясын жөндепті. Биыл тағы 13-н жетілдіру көзделген.

Жеңіс Ермұқанов