Құқық қорғау органдары

Петропавлда ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленді



 

Петерфельд селосының тұрғыны ірі көлемдегі есірткі затын жасыруға да тырыспапты. Қарапайым пакетке салып, жолға шыққан. Дегенмен бірден полицейлердің күдігін тудырыпты. Тексеріс барысында 29 жасар жігіттің сөмкесінен  салмағы 2 келі 20 грамм марихуана табылған. Оның өзі де есірткі затын қабылдапты. Қазіргі уақытта аталмыш іс тергелу барысында.

Қанат Омаров, Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары:
Күдікті 16-шы қаңтар күні ұсталды. Тұрақты жұмысы жоқ екені анықталды. Мұндай заңға қайшы әрекеті үшін оның 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдікті бұған дейін ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

Инеш Шоқақова