Қоғам

Фазыл Кәрібжановтың туғанына – 100 жыл

 

Фазыл Кәрібжанов – Сібір ауыл шаруашылық институтының түлегі. Жылдар бойы түрлі қызметтерде еңбек етіпті. Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы лауазымдарында да болған. Сондықтан оның еліміздің дамуына қосқан үлесі зор. «Фазыл Кәрібжановтың ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болған»,- дейді конференцияға жиылғандар.

Сергей Захаров, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– Ол соғыс уақытында біздің өңірімізде қызмет етті. Ауыл шаруашылығының дамуын басты назарда ұстады. Сол адамның арқасында бұл салада оң өзгерістер орын алды деп айтуға болады.

Еркегүл Қайнашованың баяндамасы тәуелсіздік жылдарындағы ҚР агроөнеркәсіп кешенінің дамуына арналған. Ол өз еңбегінде ауыл шаруашылығының даму жолында аянбаған жерлестеріміз туралы да жазыпты.

Еркегүл Қайнашова,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Агроөнеркәсіп саласының дамуы барша еліміздің дамуына ықпалын тигізеді. Мұны өткен жылдар да көрсетіп отыр.

Фазыл Кәрімұлы не бары 48-ақ жыл өмір сүріпті. Достары мен жақындарының айтуына қарағанда, демалыс дегенді білмеген. Сондықтан ол кейінгі ұрпаққа үлгі болуға тұрарлық тұлғалардың бірі.

Инеш Шоқақова