Мәдениет

Марат Кінеевтің шығармашылық кеші



 

Марат Кінеев – ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, профессор, ақын. Ол өзінің бар қырын ұштастыра білетіндердің қатарында. Мал және өсімдік шаруашылығына байланысты 165 ғылыми еңбек жазумен қатар 9 өлең жинағын да шығарып үлгеріпті. Өлеңдер тақырыбы сан алуан. Лирикадан түйткілді әлеуметтік мәселелерге дейін.

Марат Кінеев,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ақын:
 –Мен өлеңді мектеп кезінде жаза бастадым. Бірақ бұл өнер деп ойлаған жоқпын.   Тақырып махаббат, әйел сұлулығы, соңғы кездері өмір туралы жаза бастадым.

Автордың соңғы жинағы 2009 жылы жарық көріпті. Сондықтсн ол кездесуде негізінен осы «Это было в сердце моем» жинағындағы өлеңдерге тоқталды. Жинақтар түгелдей орыс тілінде жарық көрген. Қазақ тіліне аударылғандары да бар. Сондықтан олармен қалың оқырман таныс.

Владимир Трусов, ақын:
Оның өлеңдері жүректен шығып, жүрекке жетеді. Ұйқастары да өзгеше, қарапайым. Сондықтан онымен кездесуге асығамыз.

Автор болашақта оқырмандарды тың туындылармен қуантуды жоспарлап отыр.

Инеш Шоқақова