Құқық қорғау органдары

Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін 10 жыл жаза кесілді



 

Осыдан 4 ай бұрын желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалында есірткіні егіп алып, елтіп жүрген жасы отыздан асқан ер адамды ұстайды. Көкшетау қаласының тұрғыны Петропавлға наша сатып алуға келсе керек. Ақыры, полицейлер сол арқылы есірткі саудалайтын адамға шығады. Күдікті Жұмысшы кентіндегі Лобков  көшесі бойындағы үйде тұрған. 50 жас шамасындағы тұрғынның отын қорасынан 40 грамға жуық герион табылады. Бұл – аса ірі көлемдегі наша болып саналады екен. Сөйте тұра, Сергей Федоренко өзінің кінәсін мойындамаған.

Жанна Айтуллина, СҚО бойынша көлік прокурорының аға көмекшісі:

Қамауға алу барысы 4 сағатқа созылды. Өйткені, сотталушы Федоренко өзінің жазығы жоқ екенін айтумен болды. Есіртікіні 84 мың теңгеге сатып алынған ашытқы деп, бізді түрлі мысалдармен алдауға тырысты. Жалпы, салмағы 37,98 грамм болатын героинді ол орамаларға салып, жеке-жеке бөліп қойыпты.

Күдіктінің қылмысы дәлелденді. Ол есірткіні өзі де тұтынған екен. Прокурор қылмыскердің жазасына 12 жыл сұраған екен, оған 10 жыл берілді.

Бақытжан Сатыбалдинова, судья:

-Сергей Федоренко ҚР ҚК 259-ші бабы 3-ші тармағының “В” пункті бойынша айыпты деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айрылады. Жеке басының бар мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Қорғаушы Константин Дарийдің айтуы бойынша, Сергей Федоренко сатқан жоқпын, тек іздегендерге табуға көмектестім деп бұндай үкіммен келіспейді екен. Оның 15 күннің ішінде аталған үкімге қатысты облыстық сотқа шағымдануға уақыты бар.

Данаш Хамзина