Қоғам

Жастар Елбасы Жолдауының басым бағыттарын талқылады

 

 Елбасы өзінің жолдауында білім беру саласына басымдық берді. Дөңгелек үстел басына жиылған қазақ мектеп- гимназиясының жоғары сынып оқушылары да жолдауда айтылған мәселелерге  қатысты өз ойларын ортаға салды. 

  Асқар Қасет, қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:
-Біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын ұсынған кезде жастарға үлкен сенушілікпен қарады.Осы бағдарламада  білім беру жүйесі, экономиканы нығайту және саяси экономика, сонымен қатар патриотизмнің нәтижесін жоғарылату да осы жолдауда айтылып кеткен.Оны біз 2050 жылға дейін жүзеге асыруға тиіспіз.

Жолдауда айтылған маңызды жайттардың бірі мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуы. Осы орайда “Балапан” бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданған болатын. Бұл бағыт бойынша жұмыстар қазақ мектеп-гимназиясында да жалғасын табуда.

Райгүл Байматова, қазақ мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі:
– Біздің мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Онда үш топ бар. Балалар мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Және мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Онда төрт топ жұмыс істеп жатыр.

Оқу ордасы бүгінде соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған. Кітапхана қоры үнемі тың әдебиеттермен толығып тұрады. Балалардың да мерзімдік басылымдарға деген сұраныстары артып келеді дейді кітіпхана меңгерушісі.

Райгүл Байматова, қазақ мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі:
Электронды кітапханамыз бар. Кітапхана қоры қазір бізде 24 576. Оның 14 000-ы оқулықтар болса, 8 000-ға жуық көркем әдебиеттеріміз бар. Олардың бәрін балалар  пайдалану үстінде.

Оқу ордасында бүгінде 800-ден астам оқушы білім алуда. Жиынға қатысушы оқушылар мен мұғалімдер қауымы жыл сайынғы Елбасының жолдауынан тың бастамалар күтеміз дейді.

Әспет Әбдірешова