Қоғам

Педагог-психологтар тәжірибе алмасты

 



Тренингке облысымыздағы 5 мектептің психолог-педагогтары жиналды. Мақсат-бүгінгі күні өзекті проблемаға айналған адамды түрлі әрекеттер жасау арқылы алдап, өзіне бағындырудың алдын алу. Оқытушылар жақынырақ танысып, бірлесе жұмыс істеу үшін дөңгелене тұрып, өздерінің аты-жөндерін және өмірлік ұрандарын айтты. Павел Моисеевтің педагог-психолог болып істеп жүргеніне 22 жыл болыпты. Мұғалімді бүгінгі жастардың біреуге тәуелді болуы алаңдатады екен. Ол осы тренингте тәжірибесін толықтыруға үмітті.

Павел Моисеев, Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің педагог-психологы:
Мәселен, балалардың интернетке тәуелділігін айтуға болады. Жастардың санасын түрлі әрекеттермен улайтындар да баршылық. Бұл тек бізде ғана емес, әлемге ортақ проблема. Сондықтан да бүгінгі шара маңызды деп ойлаймын.  

“Жалпы білім беретін мекемелерде қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің дамуы” атты тренингке 30-ға жуық мектеп психологы мен педагогы қатысты. Олар тәуелділіктен арылудың тиімді жолдарын қарастырды.

Наталья Кудинова, “СҚО белсенді жастары” ЖҚБ жоба үйлестірушісі:
Бүгін біз қалалық мектептерде әр түрлі әрекет жасау арқылы өзіне бағындырудың алдын алу мақсатында жаңа жобаны енгізудеміз. Ол балалардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. “Бота” қоғамдық қоры қолдап отыр.  

Ұйымдастырушылар болашақта мұндай тренингтер ата-аналардың қатысуымен де өткізілетінін айтып отыр.

Гүлбану Ахметова