Қоғам

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруда жаңа жобалар жүзеге асырылуда

 

 

Өткен ұлу жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы үшін нәтижелі болды. 52 семинар ұйымдастырылып, 1439 адам білімін шыңдаған. Олардың 1146-сы біліктілігін арттырса, 293-і қайта даярлаудан өтті. Мемлекеттік қызметшілер бұл жерде теориялық білімін ғана жетілдірмей, түйгенін іс жүзінде де қолданып, басқару тетіктерін жан-жақты игерді. 2012 жылы өңірлік орталық халықаралық дәрежедегі жетістіктерге де қол жеткізді. Қазақстанда бірінші болып, онлайн режимдегі халықаралық видеоконференцияға қатысты.

Татьяна Лебедева, СҚО бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру өңірлік орталығының директоры:
Өзекті мәселелерді талқылаған халықаралық видеоконференцияларға қатыстық. Осылайша телекөпір арқылы Ресей, Украина және Франция елдерімен белгілі бір мәселе бойынша пікірімізді білдіріп, тәжірибе алмастық. Париж бен Петропавл арасындағы видеоконференция ағылшын және француз тілдерінде өтті. Шетелдік әріптестер өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Ағымдағы жылы да бұл шаралар жалғасын таппақ. Халықаралық видеоконференцияны әр тоқсан сайын өткізу жоспарлануда. Сараптамалық орталықтың ашылуы да өткен жылдың жаңалығы болды. Ондағы мақсат – тыңдаушылардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне қарап, қызмет бабымен өсу мүмкіндігі бойынша саралайды. Яғни талапты, басқару ісінің білгірлерін анықтайды. Жалпы үстіміздегі жылы атқарылатын шаруа да аз емес.

Татьяна Лебедева, СҚО бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру өңірлік орталығының директоры:
1 қаңтардан мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері халықаралық стандартқа сай жұмыс жасай білуі шарт. Осыған байланысты біздің ұстаздар есепшілерге арналған 2 жаңа бағдарлама құрды. Осы бойынша іс атқарамыз. Сондай-ақ, елді мекендердегі әкімдер мен серіктестіктер бірігіп жұмыс жасауы үшін бірқатар бағдарламалар әзірледік.

Бүгінде орталықта 50 адамнан тұратын 2 топ білім нәрін сусындатуда. Бірі орман шаруашылығы мекемелерінің жетекшілері болса, енді біреулері мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған азаматтар.
  
Айдана Демесінова