Құқық қорғау органдары

Көлік прокуратурасы 2012 жылды қорытындылады

 

 

Өткен жылы көлік прокурорлары жүргізген тексерістердің нәтижесінде 27 тұлға тәртіптік, 49-ы әкімшілік, 18-і материалдық жауапкершілікке тартылыпты. Қадағалаушы орган қызметкерлерінің дер кезінде тиісті шаралар қолдануының  нәтижесінде мемлекетке  4 млн 587 мың теңге қайтарылыпты.  2012 жылда атқарылған маңызды істердің бірі – «Петропавл қаласы халықаралық әуежайының» толықтай мемлекетке қайтарылуы.

Нұрболат Қатуов, СҚО көлік прокуроры:
Аэропорттың жұмысын әрі қарай жүргізуге 5 млрд-тан астам қаржы қарастырылған. Алдағы уақытта құрылыс, ұшып қону алаңдарын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда әуежай қызметкерлерінің жалақысы бойынша өтелмеген қарыз 45 млн-нан 11 млн-ға теңгеге дейін төмендеген. Өткен жылы аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандалық әрекеттің де жолы кесіліпті. Сараптама тауарлардың құны 600 млн теңге болатындығын анықтап отыр.

Нұрболат Қатуов, СҚО көлік прокуроры:
Қытайдан Петропавл қаласына 2 вагон халық  тұтынатын  заттар  алып келінген.  Қазіргі уақытта осы тауардың иелері анықталуда. Фирма анықталды.

Қадағалаушы орган қызметкерлері теміржол қызметін тұтынушылар құқығының сақталуын да естен шығармапты. Нәтижесінде Петропавл бөлімшесінде негізсіз санкциялар мен айыппұлдар салу сынды сорақы олқылықтар анықталған. 1 жарым млн теңге көлеміндегі қаражатты қайтару жөнінде шаралар қолға алынды.

Инеш Шоқақова