Энергетика

Кәсіпкерлер мен энергетиктер бас қосты

Өңірімізде кәсіпкерлер мен өндірістік құрылымдарға арналған қуат резервтері мен қосылуға болатын шағын стансалардың тізімі туралы ақпарат жоқ. Яғни кәсіпкерлер қай жерлерде нысан құрылысын бастау қажеттігінен бейхабар. “Бұл үлкен мәселе”,- дейді қалалық мәслихат депутаты Александр Казанцев.

Александр Казанцев, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ саяси кеңесі бюросының мүшесі:
Кәсіпкерлер бизнестерін дамытуға, өндірістерін жаңғыртуға, жаңа нысандар салуға дайын. Бірақ олар электр энергиясына қосылу, қосымша қуаттылық алу үрдісінде көптеген түсінбеушілік туады дейді. Сондықтан кәсіпкерлер өз істерін ашуға тартынады, тиісінше, өңіріміз инвестициялардан, қосымша жұмыс орындарынан айырылады.

Есіктер, терезелер және жиһаз жасаумен айналысатын «Лесокомплекс -2030» ЖШС 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Кәсіпорын соңғы 1 жыл жарықсыз отыр. Сондықтан өндіріс тоқтап, жұмысшылар таратылған көрінеді.

Андрей Андреев, «Лесокомплекс – 2030» ЖШС басшысы:
Энергетиктер келісімшарттар мерзімінің өтуі, құжаттардың дұрыс толтырылмауы жарықтан ажыратудың себебі деп түсіндіреді. Біз пайдаланған электр энергиясын есептеуіш құралдары бойынша емес, қуаттылығына сай есептеді. Сома 3 есе артық болды.

Сондықтан серіктестіктегілер борышын дер кезінде өтей алмаған. Олар «Севказэнерго» АҚ қарыз екендіктерін мойындап отыр. Алайда қосымша тариф бойынша есептелген соманы төлеу қажет деген шешіммен келіспейді. Бұл мәселе бойынша энергетиктердің ойы басқа. Қайтарған жауаптары да қысқа.

Виталий Фесько, «СҚ таратушы желілік компания» АҚ бас инженері:
1 жыл бұрын арнайы комиссия құрылып, осы мәселені талқылады.Сізге тығырықтан шығудың жолдары жайлы да айттық. Алайда сіз кеңеске құлақ аспадыңыз.

Өзге кәсіпкерлердің де сауалдары осы төңіректе болды. Жеке іс иелері олардың шешімі табылатындығына үмітті.

 

Инеш Шоқақова