Қоғам

Дінаралық татулықты нығайту

 

 

Қазақстандықтардың ұлтаралық келісімін баянды ету қашанда Елбасының ойынан кеткен емес. Президент бірлігі жарасқан қоғамға сызат түсіретін теріс ағымдардан бойымызды аулақ ұстауға шақырады. Бауырмалдық қазақ жерінде тұрып жатқан әрбір жанның  бойтұмары болуға тиісті.

 Сергий Снопков, Петр мен Павел әулиелер шіркеуінің басшысы:
-Елбасы жолдауында діни мәселелер де шет қалған жоқ. Жүктеген тапсырмалары іс жүзінде жүзеге асып жатқандығы анық байқалады. Қазақстанның діндарларына өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы жағдайлар жасалынған. Православтықтар да оны сезіп келеді. Ең бастысы адам құқықтары тапталмай, таңдау жолымыз бар. Бұның бәрі ұлтаралық келісімді нығайтудың қамы.  

Өңіріміздегі 30-ға тарта шіркеу жуырда толықтай тіркеуден өтті. Сондай-ақ жаңадан құрылған Петропавл-Булаев епархиясы заңды құжатқа ие болыпты.

 Сергий Снопков, Петр мен Павел әулиелер  шіркеуінің   басшысы:
-Бізде кіші-гірім 15-ке тарта рухани бірлестік бар. Шіркеу филиалдары да тіркеуден өтіп жатыр. Жаңадан тағы 2-3 шіркеу бой көтеруде. Оның бәрін заңдастырамыз. Меніңше бұл жақсы бастама. Енді біздің құқығымыз заңды түрде қорғалады. Теріс ағымдарға жол берілмейді.  

Православ шіркеуінің жанында жексенбілік мектептер жұмыс жасайды. Сондай-ақ елімізде алғашқы 11 мектеп- гимназия жұмыс істейді. Ондағы оқушылар діни сауаттарын ашып қана қоймай, жалпыға бірдей білім алады.

Жеңіс Ермұқанов