Спорт

Әскери институттың үздік спортшылары марапатталды

 

 

2012 жыл Әскери институт үшін жемісті жыл болды. Олар спорттық жарыстарда да ерекшелене білді. Облыс көлемінде ғана емес, республикалық, халықаралық дүбірлі додаларға қатысты. Және жеңімпаз да атанды. Құраманың жеңістеріне түрткі болған спртшылардың еңбегі ерекше бағаланды. Марапатталғандардың ішінде бірінші оқу ротасының командирі Бақытжан Исмайылов та бар. Оның курсанттары дене шынықтыру дайындығында жақсы нәтиже көрсетіпті. Сөйтіп, оқу ротасының командирі білім ошағының кубогына және грамотаға ие болды.

Бақытжан Исмайылов, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының 1-ші оқу ротасының командирі:
Жеке құрамның көрсеткен жеңісі спорттағы. Олар осылайша, тек облыста ғана емес, республикалық жарыстарда орын алуын және ҚР атын әлемге әйгілі ете беруін тілеймін. Бізде жан-жақтан жиналған курсанттар бар. Олар бізге келмес бұрын спортпен шұғылданған.

Сонымен қатар Әскери институттың айбынын асырған лейтенат Айбек Қырықбай да ерекше ілтипатқа ие болды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүр. Спорттың 5 түрімен шұғылданатын Айбек Қырықбайдың жетістіктері аз емес. Ішкі әскерлер офицері сол күні кубок және 2012 жылдың ең үздік спортшысы атағына да ие болды. Оның үлкен спортта жүргеніне 15 жыл болыпты.

Айбек Қырықбай, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының офицері:
Облыс әкімі Серік Біләлов «Солтүстік жұлдызы» атты фестивальде мені жыл спортшысы деген номинациясымен марапаттады. Былтыр да жыл спортшысы болып ем. Биыл да жыл спортшысы екінші рет болып отырмын. Жыл жаңа басталды. Алда өтетін жарыстар көп. Соған дайындық үстіндеміз.

10-шы спартакиаданың қорытындысы бойынша Әскери институт жалпы командалық есепте 2-ші орыннан көрінген.

Руслан Жангулин, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ баспасөз хатшысы:
Әскери институт бұқаралық спортқа көп көңіл бөледі. Бүгін міне спортта жетістікке жеткендерді марапаттау кеші өтіп жатыр. Олар Айбек Қырықбай, Мейрас Бірімжанов.

Жалпы 2012 жылы Әскери институтта 12 спорттық шара және 6 кеш өткізіліпті.

Гүлбану Ахметова