Құқық қорғау органдары

Абайлаңыз! Жолда – мас жүргізуші

 

 

30 жастағы «Ниссан-Сиера» автокөлігінің жүргізушісін жол сақшылары Жұмысшы кентінде шамамен түнгі 11 кезінде байқаған. Рөлге мас күйінде отырған көлік иесі полицейдің тоқта деген белгісіне назар аудармаған.

Уәлихан Оразалин, СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:
ұл көлікті біз тоқтата алмадық, жүргізуші біздің берген белгімізді ескермей, тоқтаудан бас тартты. Кейін ол Панфилов кешесі бойымен Петропавл қаласының айналма жолына қарай бет алды.

Көп ұзамай мас жігітті патрульдік полиция қызметкерлері Булаев қаласында ұстады. Көлікте жүргізушіден басқа екі жолаушы бар екені белгілі болды. Машинадан қолдан жасалған тапанша табылып, тәркіленді. Ал көлік айып тұрағына қойылды. Тағы бір жол ережесін бұзу оқиғасы Петропавл қаласының Строительное көшесі бойында орын алды. 36 жастағы көлік жүргізушісі рөлге отырғанда белдікті тақпағаны үшін тоқтатылған. Кейін оның қатты мас екені белгілі болды.

Мұрат Сатыбалдинов, СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:
Бұл көлік тоқтатылып, жүргізушінің мас екені анықталды. Облыстық наркологиялық орталыққа келгенде жүргізуші медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Әкімшілік хаттама толтырылды.

Анықталғандай, көлік иесі өткен жылы мас күйінде рөлге отырғаны үшін екі жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сол себепті де оның жүргізуші құжаты болмай шықты. Қалай дегенмен де жол ережесін бұзушы жауапкершіліктен жалтара алмайды. Енді осы әрекеті үшін ол тағы екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жыл басынан бері жол сақшылары мас күйінде көлік жүргізген 200 адамды ұстаған. Ал өткен жылы ащы суды ішіп алып, көлікке отырғандардың қатысуымен 28 жол оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам көз жұмып, 37 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

 

Әспет Әбдірешова