Салық басқармасы

Салық төлеушілер заңнамадағы өзгерістермен таныстырылды



 

Жаңа жылдан салық кодексіне біраз өзгерістер енгізілген болатын. Енді бұл жаңашылдықтарды заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге жеткізу міндеті тұр алда. Бүгінгі отырыстың көздегені де осы – салық төлеушілерді заңда көрсетілген жаңа талаптармен толығырақ таныстыру.
Мәселен, қаңтар айынан бастап патент қатаң есептілік бланкісі берілмейтін болды. Бұдан былай патент электронды түрде бір жұмыс күні ішінде жасалады екен. Жеке кәсіпкерлер қажет кезінде есептілік тапсырылған салық органында электрондық патентті қағаз тасығышта алуға құқылы. Бұдан өзге де жаңалықтар баршылық.

Есмағзұм Байбосынов, Петропавл қалалық салық басқармасы бастығының орынбасары:
Заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер салық төлеушілердің жұмысын жеңілдетеді. Мысалы, ағымдағы жылдан жеке кәсіпкер арнайы салық режимінің патент немесе жеңілдетілген декларациясын таңдайды. Ол бұл жайлы салық органдарына хабарлама жіберуі керек.

Бүгінгі семирнарға 60-тан астам заңды тұлға мен жеке кәсіпкер жиналды. Әрбірі салық басқармасы қызметкерлерінің әңгімесін мұқият тыңдап, қажет тұстарын қағазға жазып жатыр. Өйткені бұл отырыста айтылып жатқан барлық ақпарат құнды дейді олар.

Ольга Замяткина:

Семинарда көптеген пайдалы мағлұмат аламын деп ойлаймын. Импортқа тауар шығарғандықтан бізді кедендік одаққа байланысты салық заңының өзгертілген тұстары қызықтырады.
Татьяна Тимошина
:
Соңғы жылдары салық кодексі жаңғыртылып келеді. Семинарда кеңес алып, жаңалықтардан құлағдар болу үшін келеміз. Заңға енгізілген өзгерістерді уақытылы білу керек.

Кездесудің соңында жиылғандар қалалық салық басқармасының қызметкерлеріне көкейіндегі сауалдарын жолдай алды.

Айдана Демесінова