Мәдениет

«Пульс» ансамблінің кезекті жеңісі

 

 

 

Поездан жеңімпаздарды күтіп алу үшін интернат тәрбиеленушілері мен мұғалімдері, туған-туысқандары түгел жиналды. Бұл – “Пульс” ансамблінің алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда бағы жанған. Мәселен, Петропавлда өткен жылы халықаралық “Роза ветров” фестивалінде де 1 орынды иеленіпті.Ансамбльдің мүшесі Әсемгүл Есанғазина 8 жылдан бері осы топта өнер көрсетеді. Ол – үлкен жеңісіне шексіз қуанышты.

Әсемгүл Есенғазина, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушісі:
Фестивальде жеңіске жетеміз деген ниетпен аттанып едік. Қатты қобалжыдық. Барлығының да билері керемет болды. Біз сонша өнерлі жастың арасынан суырылып шығып, жеңімпаз атанғанымызға қуаныштымын.  

Сочи қаласында өткен фестивальге 500-ден астам өнерлі жас қатысыпты. Облыс бойынша саңырау балаларға арналған жалғыз мектеп-интернаттағы жоғары сыныптың 6 оқушысы барған.

Марина Сухарева,”Пульс” заманауи және ұлттық билер ансамблінің жетекшісі:
Сочи қаласына қазақ және өзбек биін апардық. Бұл балалар-менің мақтанышым. Олар жеңіске жету үшін барын салды. Тыңғылықты дайындалғанымыз бекер болған жоқ. Қазылар алқасының жоғары бағасын алып қайттық.

Биші қыздар келесі халықаралық жарысқа жолдама алған. Ол қазан айында Мәскеу қаласында өтеді.

Гүлбану Ахметова