Құқық қорғау органдары

Облыс судьялары өткен жылғы қызметтерін қорытындылады

 

Облыстық соттың кеңейтілген отырысына барлық деңгейдегі судьялар, аталмыш орган жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Басқосудағы мақсат – өткен жылдың қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларды айқындау, Елбасының сот саласын реформалауда қойған міндеттерін жүзеге асыру болып табылады. Алқа отырыснда облыс әкімі Серік Біләлов  сот саласының еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлеріне   “Құрмет грамотасы” және “Алғыс хат” табыстады. Жиында облыстық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Өткен жылы облыста барлық деңгейдегі соттар 18 074 азаматтық іске нүкте қойған. Қаралған істің 85 пайызының нақтылығына күмән келтірілмесе, 15 пайызын қайта қарау туралы өтініш түскен. Олар толығымен қанағаттандырылды. Осылайша нақты шешімдер 97,7 пайыз негізді және заңды болып табылды. Қылмыстық істер 439. Бұл ретте шығарылған үкім 98 пайыз. Еліміз бойынша алғашқы болып біздің өңірімізде қолданысқа енгізілген алқа билер сотының да жұмысы сараланды. Бұл ретте олар 13 адамның ісін қарап, оның 4-і ақтаса, қалған тоғызы нақты мерзімге кесімдерін алған. Әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты қаралған істер де аз емес. Олардың саны 14 431 құрайды. Шығарылған үкімдер 99,8 пайыз негізді және заңды болып табылды. Басқосуда сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты ювеналдық сот жұмысының қорытындысы да ортаға салынды. 2012-нің бірінші жартыжылдығында 43 қылмыстық іс қаралыпты. Жауапқа тыртылғандар 14-17 жас аралығындағылар. Көп жағдайда оған отбасындағы жағдай түрткі болатын көрінеді. Жоғарғы соттың төрағасы  жасөспірімдерге қатысты қандай да бір істі қараған уақытта оның ақ-қарасын айырып, қолдан келгенше жазаның жеңіл түрін қолдануға тырысу керектігін айтты. Алайда үкімді жеті рет өлшеп бір рет кесу керек. Себебі ол адам тағдыры.Мамандар қылмыстың өтеуі жаза деп бекер айтылмаған дейді. Қолыңмен істегеніңді қайткен күнде де мойныңмен көтеруге тура келеді. Ал бір жаңылыс қадам өміріңіздің ойран етуі мүмкін. Ойланған абзал.
Жиын соңында Жоғарғы соттың төрағасы судьялардың жұмысын жоғары бағалып, оларға облыс әкімінің атынан үш бірдей қызметтік көліктің кілті мен 2 бөлмелі қызметтік пәтердің сертификатын табыс етті. Бұдан соң елордалық мейман облыстық соттың ғимаратын аралып, материалдық- техникалық базасымен танысты.

Самат Есмағи