Құқық қорғау органдары

Есірткі сатушы ұсталды

 

 

Полицейлердің бұл азаматтың ізіне түскеніне 2 ай болған. Тәртіп сақшыларының күдігі расталып, сезікті есірткіні өткізіп жатқанда қолға түсті. Бұл азаматтан 6 келіге жуық кептірілген марихуана табылды.

 Қанат Омаров, Петропавл бекетіндегі желілік ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары:
-Жедел іздестіру шарасы барысында ірі көлемдегі кептірілген марихуанамен облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Пәтерін тінту кезінде 3 жол сөмкесіне салынған «марихуана» және есірткі затын сатудан түскен ақша табылып, тәркіленді.

Ұсталған 29 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны есірткі затын қабылдайтын болып шықты. Үйінде табылған улы затты да өзі үшін алғанын айтып ақталуға тырысқан.

Қанат Омаров, Петропавл бекетіндегі желілік ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары:
-Бұл факті бойынша ҚР ҚК 259 бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдікті заңсыз әрекеті үшін 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл ағымдағы жылы тіркелген есірткі затын сатудың алғашқы оқиғасы. Жалпы, өткен жылы улы затты өткізудің 10 фактісі тіркеліп, 10 кг-ға жуық түрлі есірткі заты тәркіленген.

Айдана Демесінова