Қоғам

Әкімшілік кедергілер азайып келеді

Бүгінде облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне қарасты тамақ өнімдерін өндіретін нысандардың 9 мыңға жуығы санитар дәрігерлердің қорытындысын алған. Стандарттарды бекіту туралы жаңа қаулының енгеніне бір ай болды. Осы уақыт аралағында өңірде 150 нысан тіркеліпті. Ал 20-ң жобаларына қажетті құжаттары дұрыс болмай кері қайтарылған. Негізінен мұндағылар күніне осындай 30-40 жобаны тексереді екен.

Елена Брайченко, СҚО СЭҚД кеңсе маманы:
– Бізге келетін адамдардың көбі ашқысы келетін өнеркәсіптеріне қатысты жобаларын ұсынады. Мәселен, салынып жатқан кәсіпорын. Бірінші оларға кеңес береміз. Кейін құжаттарын тіркейтін болсақ, атауына карточка ашамыз. Және журналға тіркеп, талон береміз. Бұл талонда қызмет түрі көрсетіледі. Және нөмері, тапсырылған күні, байланыс нөмері жазылады.

Қаулы 3 стандарттан тұрады. Онда нысандардың сараптамасын шығару уақыты қысқартылып, кәсіпорындардан талап етілетін құжаттар саны азайған. Мәселен, осы уақытқа дейін жобалардың нәтижесі 1 ай қаралса, енді 15 күннің ішінде санитар дәрігерлердің шешімін алуға болады.

Татьяна Горлова, СҚО СЭҚД директорының санитарлық-гигиена  бойынша орынбасары:
Үкімет қабылдаған қаулыда қажет материалдарды тексеріп, нәтижесін шығару уақыты азайды. Сондықтан  да біз нысандардың бәрін толықтай қарап, нәтижесін шығаруымыз қажет. Олар бізге келмес бұрын зертханалық сараптамадан өтіп, барлық құжаттарын бізге тапсырады. Егер барлығы талапқа сай келсе, біз нысанға есептік нөмер береміз.

Өндіріс орнының иесі, яғни заңды тұлға ауысқан жағдайда нысан қайта санитарлық қорытынды алуға міндетті.

Елена Брайченко, СҚО СЭҚД кеңсе маманы:
– Бізге келетін адамдардың көбі ашқысы келетін өнеркәсіптеріне қатысты жобаларын ұсынады. Мәселен, салынып жатқан кәсіпорын. Бірінші оларға кеңес береміз. Кейін құжаттарын тіркейтін болсақ, атауына карточка ашамыз. Және журналға тіркеп, талон береміз. Бұл талонда қызмет түрі көрсетіледі. Және нөмері, тапсырылған күні, байланыс нөмері жазылады.

Қаулы 3 стандарттан тұрады.

Гүлбану Ахметова