Салық басқармасы

Салық заңнамасындағы жаңалықтар

 Мәселен,осыған дейін жеке кәсіпкер арнайы салық режимінің бір түрін таңдап, өтініш жазатын. Оны құзырлы органдар қарастырып, жауабын беретін. Жаңа жылдан бұл жүйе де өзгеріске ұшырады.

Юрий Белокопытов, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы:
2013 жылдың 1-қаңтарынан жеке кәсіпкер арнайы салық режимінің патент немесе жеңілдетілген декларациясын таңдайтынын салық басқармасының мамандарына ескерту керек. Салық төлеуші осының қай түріне жататынын өзі анықтап, салық органдарына жазбаша немесе электронды түрде хабарландыру жібереді.

Патент негізінде салық төлейтін жеке кәсіпкерлердің шекті табысы өзгермеген. Ол еліміздегі 200 еселенген ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс. Ал жеңілдетілген декларация негізінде салық төлейтін кәсіпкерлердің жұмысшыларының саны 25-тен аспай, шекті табысы 10 млн теңгені құрамақ. Алайда, келесі жылы бұл көрсеткіш өзгеретін болады.

Юрий Белокопытов, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы:
ҚР заңына 2012 жылы 26 желтоқсанында енгізілген өзгерістер 2014 жылы күшіне енеді. Осыған сәйкес патент негізінде салық төлейтін жеке кәсіпкерлердің шекті табысы 300 еселенген ең төменгі жалақыдан аспайды. Ал жеңілдетілген декларация негізінде салық төлейтін жеке кәсіпкерлердің шекті табысы сол жылы бекітілген ең төменгі жалақының 1400 еселенгенінен аспауы тиіс.

Людмила Шакирова өз ісін ашқан ұлына көмектесіп отырады екен. Заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер жұмысты біршама жеңілдетті дейді жерлесіміз.

Людмила Шакирова:

Ағымдағы жылы салық заңына өзгерістер енгізілді. Кәсіпкерлердің есепшісі ретінде бұл жаңашылдықтарға қуанып отырмыз. Жұмысымыз да жеңілдеп барады.

Айдана Демесінова