Мәдениет

Погодин театры жаңа қойылым әзірлеуде

 



Актерлар соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Қойылымның иі қанған, енді көрерменге ұсынуға әбден болады. Жергілікті театр сахнасында алғаш рет қойылатын туынды «Квадратура круга» деп аталады. Қойылым өткен ғасырдың 20-жылдарынан сыр шертеді. Ол коммунизмге баруды көксейтін кеңес адамының жарқын болашақ жолындағы бірлескен қадамдарын аңғартады. Бір бөлмеде тұратын екі студент бірінен-бірі жасырып, бір күнде некеге тұрады. Енді алақандай бөлмені екі жанұя паналауы тиіс.

Виктор Шалаев, қоюшы-режиссер:
Қателеспесем, бұл туынды шамамен 500 рет сахналанған. Франция, Греция және Американың театр сахналрынан түспеген. Тіпті Нью-Йорктің Бродвейінде қойылған.

Комедия жанрындағы қойылым қазіргі заман адамдары үшін де қызықты болады дейді оған қатысушы актерлар. Яғни спектакльде көрініс табатын махаббатқа деген адал сезім қай кезде де өзекті болып қала бермек.

 Виталий Алфимов, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері:
– Бұл туынды актерлар үшін арнап жазылғандай. Ондағы кейіпкерлердің әрқайсысы өзінше өте тартымды, сол себепті оны ойнай бергің келеді.

Аталмыш спектакльдің тұсаукесері қаңтардың 27-сі кешкі жеті кезінде болады. Оның қаншалықты сәтті шыққанын немесе кері бағасын тек қана көрермендер бере алады дейді театр актерлары.

Әспет Әбдірешова