МТРА жаңалықтары

Каратешілер 13 медаль алып қайтты

 

 

Мейбукан Годзю-рю карате-до. Алматыда каратеден өткен жарыс осылай аталады. Аймақтық турнирге облысымыздан 13 оқушы барған. Жас спортшылардың жаттықтырушысы Евгений Максимов аталған дода тәжірибе алмасуда көп септігін тигізді дейді.

Евгений Максимов, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің карате-додан жаттықтырушы-инструкторы:
Республикалық семинардан біз өзімізге қажет көп мағлұмат алдық. Онда мейбукан годзю-рю карате бойынша дәстүрлі Кинав қаруы «саймен» қалай меңгеру керектігінен сабақтар өтті. Аймақтық турнир екі бөлімнен тұрды: ката және кумитэ.

Жерлестеріміз бәсекелі додада каратенің кумитэ бөлімі бойынша командалық есепте екінші орыннан көрінген. 7 жасар Гриша Григораш бұл сында топ жарып, құрамасына қосымша ұпайлар әперді. Оның бұл спортқа ден қойғанына 2 жыл болыпты.

Гриша Григораш, Мейбукан Годзю-рю Карате-додан аймақтық турнирдің жүлдегері:
Жарыста тәжірибелі спортшылар өте көп болды. Сондықтан да маған сәл қиын болды. Бұл менің Алматыда өткен жарысқа алғаш рет баруым.

Ал тоғыз жасар Александр Пацер 4 жылдан бері каратэ секциясына қатысады. Осы кезге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Дегенмен бұл жолғы сайыста ол 3-ші орынды қанағат тұтқан.

Александр Пацер, Мейбукан Годзю-рю Карате-додан аймақтық турнирдің жүлдегері:
Менің осы кезге дейін алған медальдарымның саны – 11. Көп жарыстарға қатыстым. Негізінен қоржынымда бірінші орын жүлделері көп. Маған каратэ өте ұнайды. Болашақта жаттықтырушы болғым келеді.

Жалпы бұл додадан спортшылар 8 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль олжалап қайтқан. Қазір олар ақпан айында Омбыда өтетін халықаралық жарысқа дайындық үстінде.

Әспет Әбдірешова