Аптадағы маңызды жаңалықтар

“ЭКСПО-2017” көрмесіне дайындық


 

 

Парижде Халықаралық EXPO көрме бюросы Бас Ассамблеясының сессиясында 100-ден астам мемлекет Астана қаласына дауыс берген болатын. Сөйтіп, Астана Бельгияның Льеж қаласынан озып, кезекті ЭКСПО көрмесі өтетін қала болып таңдалды. Осы жиында Қазақстанның мәртебесі тағы бір деңгейге өсті. Енді  алда бүкіл қазақ жұрты үшін   тағы бір сын тұр. Сол себепті, “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесін мықтап ұйымдастыру қажет деді Үкімет  басшысы Серік Ахметов. Ол үшін Астанада көрме өтетін жер учаскесі нақтыланып, мемлекеттік комиссия құрылыпты. Ұйымдастыру бойынша бекітілген ұлттық жоспар 10 бөлім мен 78 іс-шарадан тұрады. Сондай-ақ, мемлекеттік корпорация құру қажеттігі де айтылды. Оның құрамында кеңседен басқа  нысандарды тұрғызу бойынша дирекция мен “ЭКСПО-2017” қолдау қоры болмақ. Серік Ахметов аталған халықаралық көрмеге дайындықтың 90 пайызы 2013 жылда іске асырылатынын жеткізді. Селекторлық байланыс тоқтатылған соң облыс әкімі Серік Біләлов әзірлік барысын жергілікті жауапты басшылармен пысықтады.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-“ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға қажетті іс-шаралардың жоспары әзірленген. Мұнда облыстардың қатысуы қарастырылыпты. Сол себепті, Бекенов Қайратқа жұмыс тобына жетекшілік етуді тапсырамын. Барлық іс-шараларды жан-жақты талқылап, дайындық барысын ойластырыңыздар. Жауапты мамандарды дайындаңыздар.

Данаш Хамзина