Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Елбасы Жолдауы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда

 

 

«Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Елбасының бұл жолдауында білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Еліміздегі білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев арнайы пәндерді аккредиттеу мен сертификаттаудың маңыздылығын атап өтті. Мұны ЖОО-ның оқытушылар қауымы құптап отыр.

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
Өткен жылы 4 мамандық аккретиттеуден өтті. Биыл тағы 3-уін өткізу жоспарда бар.

Яғни аккредиттеуден өткен мамандық бойынша алынған диплом иесі шетелде де еш кедергісіз жұмысқа орналаса алады. Көпсалалы университеттің студенттері 48 мамандық бойынша білім алуда. 20 пайызы – техникалық бағытта. Оларды оқыту үрдісіне бірқатар жаңашылдықтар еніп отыр. Тілдің үштұғырлығын сақтау мақсатында.

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
7 топтың студенттері, техникалық мамандықтар бойынша оқитын, 3 тілде дәріс алады. Ғылым саласын алатын болсақ, өткен жылы 16 жұмыс жазылды. Биыл тағы 12 еңбек жарық көрмек.

3 тілде бірдей дәріс беретін оқытушылар саусақпен санарлықтай. «Сондықтан олардың біліктілігін арттыруға да баса мән береміз»,- дейді университет ректоры.

 Инеш Шоқақова