Көлік және жолдар

«СУ-808» кәсіпорнының өткен жылғы қызметі және жоспарлары

«Су-808» ЖШС-нің негізгі жұмысы – облыс орталығындағы жолдарды жөндеп, асфальт құю. Қауырт шаруаның дені жаз маусымында атқарылады. Ал қазір серіктестік жұмысшылары көшелерді қардан аршиды. Жылан жылы кірген 15 күннің ішінде кәсіпорын 85текше метр қарды қала сыртына шығарды.

 Виктор Ли, «Су-808» ЖШС директоры:
– Біз жыл сайын асфальт-бетон өндіретін зауытты құру үшін ақша бөлеміз. Биылғы жылы 10-12 млн теңге қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазір материалдарды өндіруге қажетті 7000 текше  инертті материалдарды әкелдік.   

Серіктестік директорының сөзіне қарағанда, 2012 жылы кәсіпорын 55 мың тонна асфальт өндірген. Көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 8000 тоннаға артық. Оның негізгі бөлігі қаланың Интернационал, Набережная, Коминтерн көшелері мен Бескөл ауылындағы Гагарин көшесіне төселген.

Виктор Ли, «Су-808» ЖШС директоры
:
Асфальт-бетон өндіруге қажетті техниканың бәрі бізде жеткілікті. Кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді. Жұмыс көлеміне байланысты жазда қосымша 15-20 шақты адамды жол құрылысына аламыз. Өткен жылы бізде 6 студент уақытша жұмыс істеді. Биыл «Алтын сапа» байқауына қатысып, дипломға ие болдық.

Серіктестік басшысы олардың қызметіне деген сұраныс үнемі бар дейді. Қазір кәсіпорын тендерге қатысу үшін қажетті құжаттарды әзірлеуде. Ол алдағы жұмыс жоспарының қалай өрбитінін көрсетеді.

 Виктор Ли, «Су-808» ЖШС директоры:
– Біз жыл сайын асфальт-бетон өндіретін зауытты құру үшін ақша бөлеміз.

Әспет Әбдірешова