Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сенат және Мәжіліс депутаттары өңірде Елбасы Жолдауын насихаттауда

Ұлт көшбасшысы елдің даму бағытын жыл сайынғы жолдауында айқындап отырады. Осы маңызды құжаттарды негіз еткен еліміз талай биіктерді бағындырды. Ендігі мақсат әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарынан орын алу. Мақсатқа жету үшін еліміздің әр азаматы ұлан-ғайыр жоспарды жүзеге асыруға үлесін қосуы керек. Петропавл темір жол көлігі колледжінің педагогтарымен кездескен депутаттар осы жайлы сөз етті. 

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Елбасының жолдауындағы 2-ші бағыттағы “21 ғасырдың жаһандық он сын қатердің” тоғызыншысы “өркениетіміздің құндылықтарының дағдарысы”- деп аталады. Қазақстанның дамуы, міне, осы жерден басталуы қажет. Өйткені, қоғамда белең алған дағдарыс жағдайы ел экономикасына кесірін тигізбей қоймайды. Бұған баса назар аударған дұрыс.

Осылайша, жиында халық қалаулылары жолдауда көтерілген мәселелердің маңыздылығын оқу ордасының педагогтарына түсіндіруге тырысты. Өйткені, жолдауды студенттерге жеткізетін осы ұстаздар.

Ромин Мадинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Елімізде қай саланы алып қарасақ та даму үстінде. 20 жылдың ішінде біз экономикасы дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылдық. Егіншілікпен қоса мал шаруашылығын дамыту керек. 1913 жылы Қазақстанда ірі қараның саны 91 млн. болса, бүгінде оның саны – 32 млн. Бұл – үш есеге аз. Сондықтан да біз осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет.

Халық қалаулыларымен кездескен білім ордасының педагогтары өз сауалдарын қойып, оған жауап алды.
Жолдау жүктеген міндет жеңіл емес. Еліміз үшін маңызды құжатқа аса жауаптылықпен қарау керек. Оны жиынға қатысушылар жақсы түсініп отыр.

Гүлбану Ахметова