ТКШ

Ойқаланы қоқыс басты


 

Жаңа жылдық пиротехникалық заттардың қалдығына қарағанда, қоқыс өткен жылдан бері шығарылмаған көрінеді. Ойқаланың қай көшесінде болмасын осындай көрініс. Тұрғындар қоқысты үйден шығармай, тек пешке жағатын болдық дейді. Жағдай мұнымен де шешілмей отыр.

-Қоқысты шығаратын жер де жоқ. Сондықтан жағып жіберуге тырысамыз. Дегенмен шыныларды, өзге де заттарды қайда жіберерімізді білмейміз.
-Мердігер кәсіпорын әрдайым өз жұмысын шала-шарпы істейтін. Енді, міне көшеміз, тіпті, қоқыс алаңына айналды. 1 ай бойы тұрмыстық қалдықтар мүлдем шығарылмады.

Тұрғындар «Спецавтотранспорт» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Оның мерзімі аяқталыпты. Ал мердігер кәсіпорын болса, өз міндетін тиісінше орындамады. Ойқала тұрғындардың ендігі үміті – жаңа мердігерде. Биыл ғана құрылған «Коммунсевер» ЖШС әзірге 3 учаскеде қызмет етеді. «Бұл тізімге Ойқаланың енуі де мүмкін»,- дейді кәсіпорындағылар.

Алтынбек Ысқақов, «Коммунсевер» ЖШС учаске бастығы:
Біздің участок қазір Борки, Заречный, қала орталығы және Бензострой. Алдағы уақытта Подгораны да қосамыз деген ой бар. Бізде 7 машина бар, 3-уі учаскеде, 4-уі жөндеуде.

Ал оларды жөндеуге шамамен 2 апта қажет екен. Сондықтан Ойқала тұрғындарына әлі біршама уақыт қоқыспен көршілес болуға тура келері анық.

 Инеш Шоқақова