Мәдениет

Облыстық филармония 2012 жылды қорытындылады

 

 

Бұл «Есіл» қазақ халық аспаптар оркестрінің кезекті дайындықтарының бірі. Облыстық филармониядағы өзге өнер ұжымдары да кезекпен осында келіп, шығармашылықпен айналысады. Жалпы өткен жыл өнерпаздар үшін жетістіктерге толы болды дейді оркестрдің көркемдік жетекшісі Қайырлы Ғафуров.

 Қайырлы Ғафуров, «Есіл» қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі:
– 2012 жылы  Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының облыс көлемінде 132 концерті болып өтті. Оның 50-і ауылды жерлерде. Ресей Федерациясының Салехард қаласында өткен мәдениет күндерінде өнер көрсетіп қайттық. Алматы қаласында өткен СҚО-ның мәдениет күндеріне барып, осы оркестрмен, әншілермен, бишілермен барып өнер көрсеттік. Біраз аспаптар алынып жатыр.

Өткен жылы ұлттық аспаптардан 4 домбыра, жетіген, нарқобыз, дауылпаз сатып алынған. Тағы бір жаңалық, облыстық филармония жанынан құрылған «Азия саунд» вокалдық-аспаптық ансамбліне жақында бір жыл толады. “Азия-саунд” тобының көркемдік жетекшісі әрі әншісі Нұрлан Серғазинов филармонияның белді музыканттарының бірі. Айтқандай, топ құрамындағы әншілер облыстың өнер ұжымдарымен бірге “Хабар” телеарнасы ұйымдастырған «Аймақтар аламаны» атты республикалық тележобаға қатысып келген.

 Нұрлан Серғазинов, «Азия саунд» вокалдық-аспаптық ансамблінің әншісі:
-Ол тележобада тек қана ән болған жоқ, өйткені ол өте үлкен жоба болды. Ол жердегі номинацияда қазақша күрес болды, би және ерекше номер болды дайындалған. Сол тележобаға қатысып, біз өзімізге тәжірибе алып, үлкен сахнада қатысып көрдік.  

Сонымен қатар филармония ұжымы жас музыканттармен де толыққан. Жалпы бүгінде мұндағы шығармашылық ұжымдардың саны – 9. Қазіргі таңда өнер иелері қаңтардың 27-де Қарағанды облыстық филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башаймен бірлесіп өтетін концертке қызу дайындық үстінде.

Әспет Әбдірешова