Құқық қорғау органдары

Ерлі-зайыпты алаяқтар


 

Ғаламтор желісіндегі жиһаздардың жарнамасы 32 жасар петропавлдықтың бірден көзіне түсіпті. Ол мекен-жайы бойынша фирманы тауып, келісімшартқа қол қойған. Оған сәйкес жиһаз бір айдың ішінде дайындалуы тиіс болатын. Бірақ тапсырыс беруші жиһазын да, 50 мың теңге көлеміндегі қаражатын да қайта көрмеген.Осы сияқты арыздар Петропавл қалалық №2 полиция бөліміне әлі де келіп түсуде. Жәбірленушілер ас үй, жатын бөлме сияқты жиһаз түрлеріне тапсырыс берсе керек. Күдіктілер ақшаны алғандарын толығымен мойындап отыр. Тапсырысты орындамау себебін қаржы жағынан қиындық туды деп түсіндіреді. Аталған оқиғаға қатысты «алаяқтық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Залал шығыны болса 500 мың теңгені құрап отыр.

Самат Шәрішев, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының № 2 полиция бөлімінің аға тергеушісі:
Құрметті қала тұрғындары, сіздерден бұл мәселеге бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының № 2 полиция бөлімінің 380314 кезекші бөлімінің телефоны бойынша немесе 102 нөмірі бойынша хабарласуыңызды өтінеміз.

Инеш Шоқақова