Құқық қорғау органдары

Жол полицейлері мен сот актілерін орындаушылар рейді



 

2012 жылдың желтоқсан айында Ішкі істер министрлігі мен әділет органдары арасында бірлескен бұйрыққа қол қойылды. Екі жақты келісілген құжаттағы көзделген мақсат жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру. Борышкер жүргізушілер құлағына алтын сырға,  мойныңдағы қарызыңды өтемесең темір тұлпарың айып тұрағына тоғытылады.

Болат Дүйсенов, СҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:

-Аталмыш бұйрықта көрсетілгендей біз сот актілерін орындаушылармен бірлесе әкімшілік айыпұлдарын төлемей жүрген борышкерлерді анықтап,олардың көліктерін айып тұрағына қоюға құқығымыз бар. Осылайша тек өткен жылдың өзінде Петропавл қаласы бойынша 110-ға жуық борышкерді анықтап, олардан 1 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп, ел қазынасына құйдық.

Бүгінгі күні облысымыз бойынша айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген бес мыңнан  астам борышкер бар. Өткен жылдың сонында үш жүз мыңнан астам қарызы бар көлік иесі ұсталған. Бұл жолғы рейдтің үш күні ішінде де өтелмеген қарызы бар 29 жүргізуші құрықталып, қарыздарды өндіруге қатысты шаралар қолданылды.
Қолға алынған қарыз өндіру шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Полицейлер бұл жүргізушілердің жол ережелерін сақтауларына да түрткі болары анық дейді.

Самат Есмағи