Мәдениет

Солтүстікқазақстандық жас музыкант әлемге танылды

 

 

Никитаның орындап жатқан әні мен музыкасы кеше ғана жазылған. “Бұл махаббат” деп  аталады. Никита Ситников кішкентайынан музыкаға үйір екен. Ал, жыр тоқып, сөзін музыка ырғағына келтіруді 10 жасынан бастапты. Бүгінгі күнге дейін дарынды баланың 10-ға жуық әні бар. Дені махаббат тақырыбында. Одан басқа “Түлектер”, “Менің де сүйгім келеді” атты өлеңдері бар. Негізінен Никитаға музыка жазу өнері нағашысынан дарыпты. Сол сәттен бастап жас баянист және композитор болашағын музыкасыз елестете алмайтынын түсінгенін айтады.

Никита Ситников, Музыкалық-эстетикалық бағыттағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат  оқушысы:
– Фортепианаға отырсам болды, ойланып, ән жазып, жаңа музыканы шығарғым келеді де тұрады. Жазған жырларымның барлығы жүректен шығады. Мәселен кеше ғана аяқтаған “Бұл махаббат”атты әнімнің мазмұны туған күн жайында. Яғни өмірден алынған деп айтуға да болады.

Бүгінде өнер мектеп-интернатында 110 бала тәлім алады. Оның жартысы аудандардан. Айта кету керек, мұнда оқушылар вокал, хореография және ұлттық аспаптардың бірнеше түрін тегін меңгеруде. Никита музыка бойынша 4 сыныпта оқиды екен. Ұстаздары Никитаны болашағынан зор үміт күттіретін дарынды бала дейді.

Галина Онищенко, Музыкалық-эстетикалық бағыттағы дарынды балаларға мамандандырылған мектепинтернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Никита өте қабілетті бала. Ол бізде орыс халық аспаптары бөлімінде оқып жүргеніне 4 жыл болды. Мамандығы баяншы. Бұдан да басқа да аспаптарда ойнағанды жақсы көреді. 2011 жылы өткен «Астана мерей» атты халықаралық байқауда екінші орынды иеленді. Болашағынан көп үміт күттіреді.

Оқушының арманы асқақ. Атақты Музыкант болсам дейді.

 
Гүлбану Ахметова