Балалар

Солнечныйдың бүлдіршіндері балабақшаға баратын болды



 

Енді бұл бүлдіршіндер де уақыттарын көңілді, пайдалы және достарымен бірге өткізу мүмкіндігі бар. Әзірге, 12 бала. Алдағы уақытта 50 бүлдіршінге шақталған балабақшаны толықтай пайдалану көзделген. Шағын орталық ашу идеясы 26 жыл бойы ұстаздық еткен Панзагүл Сейдахметоваға келіпті. Кәсіпкердің бастамасы мемлекет қолдауына ие болған.

Панзагүл Сейдахметова, «Солнечный домик» шағын орталығының директоры:
Шағын орталықтарды ашқан кәсіпкерлерді мемлекет қолдауда. Сондықтан осындай ой келді. Сәтті жүзеге асырылады деген ойдамыз.

Шағын орталықты ашу арқасында қосымша 7 жұмыс орны пайда болған. Осы жерде жаңа қызмет тапқандардың бірі – Майда Ахметова. Оның тәрбиешілік еңбек өтілі де жоқ емес.

Майда Ахметова
, «Солнечный домик» шағын орталықтың тәрбиешісі:
Мен 9 жыл ұстаз, тәрбиеші болып қызмет еттім. Балалармен жұмыс істеген өте ұнайды.

Шағын орталық «Балапан» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларынан қолдау тауып отыр. Бұл  соңғы бағдарламаның білім беру бағыты бойынша жүзеге асырылған өңіріміздегі алғашқы жоба.

Гүлмира Жақыпова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ СҚОФ бас менеджері:
Барлығы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша облыста 163 жоба жүзеге асырылмақ. Жалпы сомасы 16,4 млрд теңге. Шағын орталықты ашу үшін «Цеснабанктен» несие алынды. Жылдық үстемақысы 7 пайыз.

Солнечный кентінде 400-ге жуық үй бар екен. Сондықтан шағын орталықтың ұжымы балақайлардың қатары алдағы уақытта артады деген сенімде.

Инеш Шоқақова