Мәдениет

Ильдар Сисанбаевтың жеке концерті



Ильдар Сисанбаев жеке концертін осымен екінші рет өткізіп отыр. Өнер иесі кешті «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығының құрылғанына 25 жыл толуына арнапты. Ильдардың концертін тамашалауға келгендердің қатары қалың. Концерттік бағдарламада жаңа және авторлық әндер өте көп. Олардың негізі татар тілінде болғанымен, тыңдарман түсіне алады дейді орындаушы.

 Ильдар Сисанбаев, әнші, «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығының мүшесі:
– Бірінші жеке шығармашылық концертім 2010 жылы болды. Содан бері репертуарыма 20-25 жаңа ән қосылды.  

Солтүстікқазақстандық татарлар мен башқұрттар үшін бүгін айтулы оқиға. Себебі тарихи Отандарынан жырақта жүрсе де, олар Қазақстанда өздерінің салт-дәстүрлері мен мәдениетін жаңғыртып, дамытуға мүмкіндіктері бар.

 Наиль Салимов, «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығының төрағасы:
– Біздің қалада бүгінде 20 мыңнан астам татар бар. Жалпы татарлар мен башқұрттардың құлаққа жағымды халық әндері көп. Ильдар біздің орталықтың өте белсенді мүшелерінің бірі. Бүгінгі концертті оның шығармашылығындағы алғашқы қадам деп бағалауымыз керек.

Бұл кеште Ильдар Сисанбаевпен бірге сахнада облыс орталығының шығармашылық ұжымдары, Астанадан келген әлем баяншылар кубогінің лауреаты Руслан Тураев пен Татарстан Республикасының танымал әншісі Максуд Юлдашев бірге өнер көрсетті. Айтқандай, Максим Юлдашев Қызылжарға осымен екінші рет келіпті.

 Максим Юлдашев, әнші, Татарстан Республикасы:
Екі жыл бұрын осында Сабантой мерекесіне келдім. Сол кезден Ильдармен жақсы араласып кеттік. Кейін ол бізге Қазан қаласына келді. Содан бері достығымыз жалғасын тауып келеді.  

Концерт көрерменнің көңілінен шықты.

Әспет Әбдірешова