Мәдениет

Французша жаңа жыл ертегісі

 



Астанада өткен конкурсқа жаңажылдық суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардан 1500-ге жуық түрі ұсынылған. Оның 100-ден астамын солтүстікқазақстандық оқушылар жіберген.

 Юрий Кузнецов, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің қосымша білім беру педагогы:
– Конкурстың өтетіні жайлы хабарды біз қараша айында естідік. Бір айдан кейін қолдан жасаған дүниелерді Астанаға жібердік. «Французша жаңа жыл мерекесі» деп аталатын көрмеге қатыстық. Жалпы байқауға 40-қа жуық баланың 100 -ден астам еңбегін жіберген болатынбыз.

Жерлестеріміздің еңбектері түрлі аталымдар бойынша өз бағаларына ие болған. Мәселен, «Галл әтеші» деген номинацияда Анна Никитенко есімді оқушының еңбегі жоғары бағаланыпты. Ол байқауға жіберетін жұмыстарын бір ай көлемінде дайындаған.

Анна Никитенко, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің украин бөлімінің оқушысы:
Мен қатырма қағаздан әтеш жасадым. Оның түсі түрлі-түсті болды. Қолдан бұйым жасаудан басқа мен би билеп, шахмат ойнаймын.

4-сыныпта оқитын Станислав Коршуновтың бұл сайыста ешбір еңбегі жеңіске лайық деп табылмаса да, ол Астанаға барып өз жұмыстарын таныстырып келу мүкіндігіне ие болған.

 Станислав Коршунов, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің қазақ бөлімінің оқушысы:
– Мен өз суретімде аққала, шырша және үйді бейнеледім. Сонымен қатар жаңа жылдық сыйлықтарды да қағаз бетіне түсірдім. Жалпы Астанадан жақсы әсер алдым. Бұл менің осындай үлкен сайыстарға алғаш рет қатысуым.

Бұдан бөлек тағы 6 оқушының еңбегі жақсы бағаланған. Жалпы конкурсқа Қазақстан бойынша 1200 оқушы қатысты.

Әспет Әбдірешова