Бизнес және экономика

ЖСН қолданысқа енгізілді


 

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды түрде әрекет ету үшін әр адамның жеке басын растайтын құжат қана қолданылады. Енді салық төлеушінің нөмірі және әлеуметтік жеке код, үй кітапшасының қажеті жоқ. Себебі жеке куәліктің астыңғы жағында жазылған жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы әр адамға қатысы бар мәліметті білуге болады. 12 символдық код 1997 жылдан бастап берілген жеке куәліктерде жазыла бастапты. Ал, паспортта 2002 жылдан. Сондықтан да халыққа қызмет көрсету орталығындағылар жеке сәйкестендіру нөмірі жоқтардың қатар аз дейді. Өйткені 12 символдық код әр адамның жеке басын растайтын құжатта көрсетілген.

 Медет Сағди, Петропавл қаласының ІІД көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы:
-2007 жылы Үкімет  жеке сәйкестендіру нөмірлерін қабылдаған. Осы заңға сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айналысқа жеке сәйкестендіру нөмірлері енетін болды. Жеке сәйкестендіру нөмірлерін тасымалдаушы болып жеке куәліктер, паспорт және туу туралы куәлік табылады.  

Бүгінгі күнге дейін жеке сәйкестендіру нөмірін 2 417 адам алыпты. Сөйтіп қала тұрғындарының 100 пайызының жеке құжатында 12 символдық код көрсетілген дейді мамандар. Және айта кету керек жеке сәйкестендіру нөмірі 1-ақ рет беріледі. Жеке құжатты ауыстырған жағдайда да 12 символдық код өзгермейді. Яғни өмірінің соңына дейін қолданылады. Бүгінгі күні жаңа туылған нәрестелердің туу туралы кәуіліктерінде де жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген.

Медет Сағди, Петропавл қаласының ІІД көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы:
РНН мен СИК қолданылмайды. Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ құжаттар жарамсыз болып отыр. Жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы жеке азаматтың куәлігінде аты-жөні, тұратын мекен-жайы, барлығы көрсетіледі. Жарамсыз жеке кәуілікпен жүрген азаматтар жауапқа тартылады.  

Тұрғындардың барлығы жеке құжатта жеке сәйкестендіру нөмірінің болуы міндетті екенінен хабардар. Және ол әлдеқайда тиімді екенін айтуда.

Жеке сәйкестендіру нөмерінің бары жақсы. Көп құжатты ұстап жүрмейсің. Бұл уақытыңды үнемдеп, жұмысыңды тез бітіруге ыңғайлы да.
Бірнеше емес, бірақ нөмердің болғаны жақсы. Жадыңда сақтауға да оңай. Әлеуметтік жеке кодтағы және салық төлеушінің нөмірлері адамды шатастыратын. Енді жеке сәйкестендіру нөмерімен әлдеқайда жақсы болды.

Ал, жасөспірімдердің 40-қа жуығында әлі жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ екен. Олар 12 символдық кодты алу үшін уақыт жоғалтпай тез арада халыққа қызмет көрсету орталығына келуі қажет.

Гүлбану Ахметова