Құқық қорғау органдары

Петропавлда бір айда әйелдерге қатысты үш қарақшылық шабуыл жасалған

Бірінші оқиға Жұмысшы кентіндегі Украин көшесінде орын алды. Желтоқсан айының 11-і күні көшеде келе жатқан 51 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасалды. Күдікті оның алтын алқасы мен сөмкесін тартып алған. Бірер күн өткенде тағы да осыған ұқсас қылмыс тіркелді. Бұл жолы қарақшы әйелді тонап, өлтіріп кеткен. Бұл оқиға да Жұмысшы кентіндегі Островский көшесіндегі гараждардың маңайында орын алыпты. Осы оқиғаларға байланысты жергілікті тұрғындар  қанішердің бары рас, әрі ол мұнымен тоқтамайды деген ойға келді.

Қылмыскер қызды өлтіру үшін суық қару, яғни пышақты қолданған. Бірақ пәтерді тонамапты. Бұндағы тұрғындар да  қанішер бар деген алып-қашпа сөздерге сенеді.

Қанышердің барына неге сенбеске. Кеше анау тұрған жерден әйелдің мәйіті табылды. Жұмысшы кентінде де 5 адамды өлтірді деп естідім. Бұған сенбеске еш негіз жоқ.
Қанішер ме, нашақордың істегені ме, нақты білмеймін. Әйелді өлтірмеген, тек ауыр жарақат алған екен.

Қылмыстарды ашу үшін арнайы топ құрылып, іздестіру шаралары жүргізуде. Облыс орталығында әзірге үш қылмыс тіркелді, оларды түрлі адамдар жасаған дейді полицейлер.

Мәдина Балғашоқова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Петропавлда үш ауыр қылмыс тіркелді. Барлығы әйелдерге қатысты. Біріншісі тонау, екіншісі – қарақшылық, үшіншісі кісі өлтіру фактісі. Аталған қылмыстардың бір-біріне қатысы жоқ. Бұл қылмыстар бойынша полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қала орталығында жасалған қылмысты маньяк жасады деуге еш негіз жоқ.  

Тәртіп сақшылары осыдан 12 жыл бұрын Петропавлда әйелдерді өлтіретін қанішер болғанын айтады. Ол қазір темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатыр. Сондықтан өңір полицейлерінің мұндай қылмыскерлермен жұмыс істеу тәжірибесі де мол.

– Мен өзім көрген жоқпын. Бірақ сол қылмыс орын алған жерде нашақорлар мен ішімдікті пайдаланатын жандар тұрады.
– Бір ер адамның көше кезіп, заңға қайшы әрекет етіп жатқанын мен де естідім. Өмірден түңілген ақымақ сияқты. Қанышер екені анық. Ол қаланың жарты тұрғынын өлтірмей тынбайды деп те естідім.  

Ал, үшінші оқиға қала орталығында Интернационал көшесі, 71 мекен-жайындағы пәтерлердің бірінде жасалған.

Гүлбану Ахметова