Қоғам

Көпұлтты қоғамға бірлік ауадай қажет



 

Осыдан 10 жыл бұрын өңірімізде «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Алаш арыстарының жолын қуып, осындай орталықты ашқан зиялылардың көздегені ағарту ісімен айналысу болатын. Яғни қазақ халқы өзінің негізгі түп-тамырын ұмытпай, қаймағының бұзылмауы үшін еңбек ету. Осы уақытта атқарылған істер аз емес. Өткен 2012 жыл да бұл қоғамдық бірлестік үшін жемісті болыпты.

Сағындық Салмұрзин, “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы ҚБ атқарушы директоры:
– Солтүстік Қазақстанда тұрып жатқан қаншама этностардың әдет-ғұрпын көтеріп, сол жөнінде кітап шығардық. Ол кітап әдістемелік құрал ретінде өте пайдалы болды.

«Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының мүшелері де өзге қазақстандықтар сияқты жыл сайын Елбасының жолдауын асыға күтеді. Бұл жолғы маңызды құжатта қазақстандық патриотизмге, халықтың бірлігіне, мемлекеттік тілді дамытуға аса үлкен мән беріліп отыр. Президентіміздің қойған тапсырмасын жүзеге асыру үшін біз де өз үлесімізді қосамыз дейді қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры Сағындық Салмұрзин.

Сағындық Салмұрзин, “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы ҚБ атқарушы директоры:
-Тілімізді игеріуге басқа халықтардың қызығушылығы бар. Латын әрпіне өтіп, ғаламтор кешеніне жақын боламыз. Бүкіл қазақ халқы өз тілінде еркін сөйлеген кезде “қазақ елі” деген ат беруге болады деп ойлағаны Елбасының кемеңгер, дана ойшыл екенін көрсетіп отыр.

Ел бірлігі – ең асыл қасиет екенін Елбасымыз халыққа арналған жолдауында атап өткен болатын. Сондықтан да мемлекетіміздің мүддесі үшін осы байлығымызды сақтау – біздің парызымыз.

Айдана Демесінова