Қоғам

Экологиялық тәрбие – басым бағыт



 

Табиғат-ананың бізге берген байлығы аз емес. Оның ең негізгілерінің бірі су және орманды алқаптарымыз. Алайда оған адам қолымен жасалып жатқан қиянаттар жоқ емес. Осыны бір мезгіл ойланғанымыз абзал. Олай етпеген жағдайда жеріміз құлазыған шөлейтке айналары ақиқат. Мәселеге Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауында баса назар аударылып отыр.

Қанат Омаров, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары:

-Оған біздің басқарма тарапынан көп көңіл бөлінуде. Ағаштарды сақтау, оларды өрттен қорғау керек. Табиғатты құртып жатырмыз. Осыны халыққа түсіндіруіміз қажет.

Еліміз бойынша биылғы жыл экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланғаны белгілі. Елдің экологиялық сауаттылығын арттыруға бір адамдай атсалысуымыз керек дейді мамандар. Табиғат байлығын сақтау болашақ ұрпақ үшін қажет.

Қанат Омаров, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары:

-Біз биыл осыған байланысты бірқатар шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол конкурс түрінде жүргізілмек. Бұл ретте қаламыздағы әрбір ұжым өз аумақтарында ағаш отырғызады. Жастарды өзен- көлдердің маңдары мен ормандарды тазалауға тартамыз. Ол экологиялық тәрбиеге жатады.

Өңір табиғатының 550 мың гектарын орманды алқап алып жатыр. Олардың климатты реттеу, топырақ, санитарлық-гигиеналық жүйені сақтауда атқарар рөлі зор. Мәселен, бір гектар жердегі ағаш тәулігіне 50-ден 100 тоннаға дейін оттегін бөледі екен. Сондай-ақ олар жылына 55 тоннаға дейін шаң-тозаң мен улы газдарды сіңіреді. Бұл адам денсаулығына айтарлықтай көмек. Бірақ оған ешкім мән бере бермейді. Осыны ойланғанымыз абзал.

Самат Есмағи