Қоғам

Діни теріс ағымдардан жастарды сақтау керек



 

Профессор Александр Никифоров бізбен әңгімесін “Қазақстан Президенті – дана адам” деп бастады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 38 жыл бойы философия пәнін оқытып, пәлсапаның “жілігін шағып, майын ішкен” ғалым Елбасы Жолдауы экономикалық қана емес, ол – идеологиялық мәнісімен де құнды дейді.

Александр Никифоров, философия ғылымының докторы, профессор:

-Елбасы, әуелде, “Қазақстан-2030” бағдарламасында біздің қоғамда бейбітшілік пен келісім болуы қажет деп айтқан болатын. Ол ойы осы жолғы халыққа арнаған Жолдауында да жалғасады. Елбасы қазақстандықтарға сенім артып, 2050-ші жылға дейін елдің дамуына нақты міндеттерді айқындап берді.

Қазақстан байлығының бірі – оның халқы мен конфессияаралық татулығы. Ұлан-байтақ жерде 130-дан астам ұлт өкілі тұрса да, ауызбіршілігі бар. Сырттан келіп, елдің айрандай ұйыған татулығын бұзуды көксейтін түрлі теріс ағымдарды ажырата білу қажет. Осы орайда, Елбасы, жастарға зор сенім артатыны белгілі. Сол себепті, профессор Александр Никифоров жастарға тиісті пәндер оқытылса, дұрыс болар еді дейді.

Александр Никифоров, философия ғылымының докторы, профессор:

-Мәселен, жоғары оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ, мектептерде де “Дінтану негіздері”, “Дінтану” және “Дін философиясы” деген пәндер кеңейтіліп оқытылуы керек. Сонда кімнің нақты жалпы адемгершілік құндылығы бар, ал кімнің тек өз қамы мен тек саясатты көздейтіні белгілі болар еді.

Бірлік, сыйластық, ынтымақтастық болса, Қазақстан ешуақытта әлемдегі үлгілі елдердің қатарынан түспейтіні сөзсіз.

Данаш Хамзина