Қылмыс

Такси жолаушысынан алты келіден астам гашиш табылды

 

 

Крепостной және Мир көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзған таксиді тәртіп сақшылары шамамен кешкі сағат 11-де тоқтатқан. Сол кезде көліктің ішінде отырған жолаушы тез арада қашпақ болған. Таксидің жүргізушісі адамды тоқтатып, жол ақысын төлеуді өтінген. Ер адам абыржып, тәртіп сақшыларының күдігін тудырған.  

Жанболат Қалиев, аға сержант, полиция жүргізушісі:
– Қаңтардың екісі 2013 жылы кешкі сағат 10.30-да Мир көшесі мен Креспостной көшесі қиылысында бір күдікті адамды ұстадық. Тексеру барысында оның қара сумкасында есірткі зат табылды.   

Сараптама көрсетіп отырғандай тәркіленген есірткі заты 6,5 килограмнан асатын гашиш. Ұсталған сөмкеде қандай заттың жатқанын білмедім деп отыр. Тек танысы бір пәтерге жеткізіп салуын өтініпті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, 25 жасар азаматтың бұл іске қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдіктінің бұрын басы істі болмаған.

Алексей Герасимов, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының есірткі биснесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы:
– Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғадық. Әзірге есірткінің қайдан келгені белгісіз. Күдікті айтқан пәтерді де тексеріп жатырмыз.

Өткен жылы облыс аумағында есірткіге қатысты 146 қылмыстың беті ашылған. Заңсыз айналымнан 171 келі есірткі тәркіленді, оның 1 кг 261 грамы героин.

Гүлбану Ахметова