Білім

Облыстық пән олимпиадалары

 

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиада қаланың үш мектебінде өтуде.   №17 ұлттық өркендеу кешенінде интеллектуалдық сайыс жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылар сынға түсуде. Физика, химия, биология, математика, жағрафия. Сайысқа қатысушылар осы пәндер арқылы өздерінің мықты екендігін көрсетпек. Диляра Рахимова олимпиадада физика пәнінен бағын сынауда. 10 сынып оқушысының мақсаты – ақтық сынға еш сүрінбестен жолдаманы жеңіп алу. Ол үшін 4 сағаттың ішінде берілген тапсырманың бірін де қалдырмай шешу қажет.

Диляра Рахимова, Е. Букетов атындағы гимназиямектеп оқушысы, Шал ақын ауданы:
Маған физика пәні қатты ұнайды. Сондықтан да берілген тапсырмалардың жауабын табу қиындыққа соқпайды. Республикалық олимпиадаға қатысу үшін көп дайындалдық. Қарсыластарымның осалдығына қарамастан жеңіске жетемін деп ойлаймын.  

Ал, биология пәні бойынша сынға түскен оқушыларға 2 сағаттың ішінде 30 тест сұрақтарына жауап беру міндеттелді. Полина Разова республикалық сайысқа осымен екінші рет жолдама алған. Ол біліміне сенеді.

Полина Рахимова, “Бэст” гимназиясының оқушысы:
Маған олипиадада өз білімімді сынап көрген ұнайды. Қарсыластарымның бәрі жеңістен үміттенуде. Бұл маған сыннан сүріндей өтуіме күш береді.  

Математика секциясында 10 сынып оқушылары 3 тапсырманы орындауда. Оларға 150 минут берілген. Иван Великанов республикалық олимпиадаға оқу жылының басынан дайындалыпты. Еңбегі зая кетпеген.

Иван Великанов, ЛОРД мектеп-лицейінің оқушысы:
Мен жақсы дайындалдым. Тіпті демалыс уақытында да кітаптан бас алған жоқпын. Тест сұрақтары оқу бағдарламасына сәйкес түзілген. Оңай емес. Бірақ берілген тапсырмалардың шешімін табуға болады.

Білім бәйгесінің облыстық кезеңінде 469 оқушы бақтарын сынауда. 9-11 сынып оқушыларының тартысты додадан сүрінбей өткендері респбликалық сайыстың шешуші кезеңіне жолдама алады. Жарыс жаратылыстану-математикадан Жамбыл облысының Тараз қаласында өтеді, ал гуманитарлық бағыттағы пәндерден Талдықорғанда ұйымдастырылмақ.

Шекер Жандосова, СҚО білім басқармасының бас маманы:
Жылда республикалық олимпиада өткізіліп тұрады. Олимпиада 4 кезеңнен тұрады. 1,2 кезеңдер өткізілді. Мектепаралық, аудандық, қалалық олимпиадалар 15 пән бойынша.  

Сайыс қорытындысы сәрсенбінің сәтінде белгілі болмақ.

Гүлбану Ахметова