Көлік және жолдар

Көлік инспекциясы 2012 жылды қорытындылады

 

 

 

Көліктерге техникалық бақылау жүргізу бұған дейін жол полициясы құзырында болған. Енді ол жекеменшікке, яғни бәсекеге қабілетті ортаға беріліп отыр. Оның да өзіндік тиімділіктері бар дейді көлік инспекциясы мамандары.
Көлік бақылау инспекциясының көлік құралдарына қатысты түрлі тексерістерді жүзеге асыру, бірқатар рұқсаттама құжаттарын рәсімдеу секілді 20 мемлекеттік қызмет түрін көрсетіп келгені белгілі. Алайда бүгінгі күні оның 17-сі халыққа қызмет көрсету орталығының құзырына берілген.
“Мамлют” көлік бақылау бекетінің жұмысы тоқтатылып, оның орнын жылжымалы мобильдік қосын алмастырды. Ол өңіріміздің кез-келген тас жолында жүк машиналарының қозғалысын қадағалауға мүмкіндік берді дейді мамандар.
Сонымен қатар осы жылы облыс көлемінде жүк көліктерінің салмақтары мен габаритті параметрлерін автоматты бақылауға арналған төрт электронды аркалар орнату жоспарланыпты. Бірінші кезекте ол автомобиль жолдары сапасының жақсаруына және көлік апаттарының алдын алуға жағдай туғызбақ.

 

Самат Есмағи