Қоғам

Жылжымайтын мүлікті енді бір-ақ күнде тіркеуге болады


 

Мемлекеттік қызметтің мұндай түрі 8 қаңтардан бастап жүзеге асырылмақ. Бұған дейін тұрғындар қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін 5 күн тосатын. Енді бәрін нотариустың көмегімен 1 күнде жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ұзын-сонар кезекті күтпей-ақ  үйде ғаламтор арқылы ауруханаға кезекке тұру, жеке куәлікті, төлқұжатты рәсімдеуге өтініш беруге болады. Бұл қол қоюдың электронды түрі арқылы жүзеге аспақ.

Виталий Сосновский, ХҚКО  инспекторы:
– Жеке куәлікте құпия код, сөздермен тосқауыл қойылған. Оны тек әр адамның өзі ғана біледі. Жоғалтып алған жағдайда ешкім де жеке құжатты аша алмайды. Сонымен қатар, үкімет порталына жаңа қызмет түрі енгізілді. Ол 8 қаңтардан бастап, іске аспақ. Жылжымайтын мүлікті тіркеу. Яғни сіз нотариусқа келіп, келісімшартқа отырып тіркелесіз. Ақшасын электронды үкімет порталы арқылы төлейсіз.  

Бүгінгі күні Үкімет порталында интерактивті және транзакциялық қызметтің 126 түрі енгізілген. Бұл жүйені пайдаланушылардың қатарының артқанын да алға тартып отыр халыққа қызмет көрсету орталығындағылар. Мәселен, үкімет порталына 27 желтоқсанда енгізілген қол қоюдың электронды түрін пайдаланғандардың саны 200-ге жеткен.
 

Гүлбану Ахметова