Спорт

Үш кикбоксшы Азия чемпионы атанды

 

 

Бірер сәттен кейін мына жерге еліміздің даңқын әлемде асқақтатқан спортшыларымыз мінген пойыз келіп тоқтайды. Жерлестеріміздің туған-туысқандары, достары бұл сәтті тағатсыздана күтуде. Бұл пойызда Азия чемпионатында ел намысын қорғаған кикбоксшыларымыз келді. Олардың үшеуі де жеңіспен оралыпты. Үндістанның Пуна қаласында өткен дүбірлі дода 19 елдің 400 спортшысының басын қосты. Еліміздің намысын 24 білекті қорғаған екен

 Сабыржан Сақтағанов, жаттықтырушы:
Азия чемпионатында еліміз жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. 34 алтынның 15-і Қазақстанға бұйырды. Сондай-ақ біздің қоржынымыз 2 күміс және 4 қола алқаға толықты.

Азамат Нұрпейісов 2004 жылғы Азия чемпионатына қатысыпты. Алайда бас жүлде бұйырмаған көрінеді. Сол жолы жіберген есесін биыл қайтарып, алтыннан алқа тағып оралды.

 Азамат Нұрпейісов, Азия чемпионы:
-3 жекпе-жек өткіздім. Біріншісі – Монғол, екіншісі –  Бангладеш, үшінші  Қырғыз спортшысымен кездестім. Әрине, қиын болды. Спортшылар жоғары деңгейде дайындалған. Ең бірінші және ақырғы жекпе-жек қиын болды.

Ал Рауан Смағұлов Азия чемпионатына алғаш рет қатысыпты. Алайда өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұл жерлесіміз де 3 мықты қарсыласына тізе бүктіріп, чемпион атағына ие болды.

Рауан Смағұлов, Азия чемпионы:
Жарысқа жақсы дайындалып, барлық күшімді шығардым. Азия чемпионатында 3-ші кездесуге  дейін бәрін жеңіп, көк туымызды көтердім.

Азия чемпионатында әнұранымызды шырқатып, көк байрағымызды желбіреткендердің қатарында солтүстікқазақстандық Самат Қадырбеков те болды.

Айдана Демесінова