Мәдениет

Рождество мерекесіне әзірлік



 

Рождество  – христиандықтардың басты діни мерекелерінің бірі. Бұл мейрам Иса пайғамбардың дүниеге келуі құрметіне орай атап өтіледі. Яғни  Иисус Христос адамзатты күнәдән құтқару үшін түскен-мыс. Бұл күні барлық адамға Құдай көмек қолын ұсынады, рахымын жаудырады. Халық өткен жылға шапағат айтып, келер жылдан жақсылықтар тiлейдi. Қазір Петропавл-Булаев епархиясындағы басты храмда дайындықтар жүргізіліп жатыр.

 епископ Гурий, Петропавл-Булаев епархиясының басшысы:

– Вознесенский шіркеуінде Құдайға құлшылық ету сағат 21-де басталады. Сосын түн жарымына дейін жалғасады. Біз Құтқарушы дүниеге келген кезде періштелер хорының айтқан ғажайып әнін еске аламыз. Жан тазалығы, ой тазалығы жайында сөз сөйлеміз. Ал, келушілер Құдайдан кешірім сұрап, тілек тілейді.

Сондай-ақ, қаңтардың 7-сі – жақсылық жамандықты, әдiлдiк зұлымдықты жеңген күн болып есептеледi екен. Десе де, Гурий әкейді заманның азып бара жатқаны алаңдатуда. Мәселен, өз қамы үшін біреуді құздан құлатуға дейін баратын адамдардың арамза ойы, жастардың қылмыс жасауы, кісі өлтіру, ішімдікке салынуы сияқты істер көбейіп кетті дейді. Епископ Гурий адамзаттың осындай жат қылықтардан арылғанын тілейді.

епископ Гурий, Петропавл-Булаев епархиясының басшысы:

-Мен інілерім мен қарындастарымды ұлы әрі жарқын мереке – Иисус Христостың дүниеге келген күнімен құттықтаймын. Шын жүрегімнен деннің саулығын, жанның тазалығын тілеймін. Жылдың дәл басында аталып өтетін мейрам баршаңызға тек жақсылық қана сыйласын.

Данаш Хамзина