ТКШ

“ТКШ-ны жаңғырту” бағдарламасы жалғасуда

 

 

 

391 пәтерлі үй бой көтергелі 26 жыл болыпты. Содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. 3 подъездегі жедел саты да әбден тозыпты. Олардың алмастырылуы тұрғындар үшін жаңажылдық сый болды.

Галина Сидорова, «Хименко, 2» ПИК төрайымы:
– 3-ші подъезде 15 жыл бойы лифт жұмыс істемеді. Жеделсаты 2 айдың ішінде жөнделді. 1 пәтерге 206 мың теңгеден келеді. Келісімшарт 7 жылға жасалды.

Бұл – электронды жеделсаты. Сондықтан олқылықтарын анықтап, жою қиынға соқпайды дейді мамандар. Жүк көтерімі де артық. Шағын болса да, 5 адамды қажетті қабатқа жеткізе алады. Мұндай 1 жеделсатыны қалпына келтіру – 4 млн 800 мың теңге.

Сергей Царьков, «Петропавловсклифт» ЖШС директоры:
– Біз 16 жыл бойы лифтілерді орнатып, жөндеумен айналысамыз. Жарамдылық мерзімі – 25 жыл. Жаңа жеделсатылардың тағы бір артықшылығы – есіктің жабылуына кедергі жасалса, өздігінен тоқтап қалады. 400 келіден артық жүк болса, арнайы жарық жанады.

Владимир Каноненконың пәтері 6-шы қабатта орналасқан. Ол енді күн сайын сатымен түсіп-мініп, уақыт жоғалтпайтындығына қуанышты.

Владимир Каноненко, үй тұрғыны:
– Жеделсатының орнатылуын асыға күттік. Әрине, ыңғайлы. Әсіресе, кішкентай балалары бар көршілерімізге жақсы болды.

Биыл көпқабатты үй тұрғындары жылыту жүйесін жөндеуді жоспарлап отыр.

Инеш Шоқақова