Бизнес және экономика

Қаржыгерлер өткен жылды қорытындылады

 

 

2012 жыл ел экономикасы үшін жеңіл жыл болған жоқ. Соған қарамастан Қазақстан макроэкономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылығын сақтап қалды. Елмен бірге облыста қаржы секторы оң бағытта дамыды. 2012 жылы инфляция 6 пайыз шегінде сақталып, соңғы онжылдықтағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Жомарт Қажырахымов, ҚР Ұлттық банкі СҚОФ директоры:
Қаржы жүйесі болғаннан кейін біз кейбір көрсеткіштерге келетін болсақ, көрсеткіштер динамикасы жоғары. Мысалы, елдің банкке салатын депозиттері, кредиттерінің саны өсіп отыр. Несие беру көлемі Қазақстан бойынша 12 пайыз боса, біздің облыста 17 пайызға көбейген. Бұл, әрине, банк жүйесінің жұмысы ғой деп ойлаймын.  

Сонымен қатар халықтың қаржы институттарына деген сенімі артты. Бұны облыстағы депозиттік база 27 пайызға өскенінен аңғаруға болады. Және өнеркәсіп  өндірісі, жалақы және сыртқы сауда айналымы да артқан.

Жомарт Қажырахымов, ҚР Ұлттық банкі СҚОФ директоры:
Былтырғы көрсеткіштерге келетін болсақ, былтыр экономикамыз, әрине, бұл алдын ала болжау, осындай көрсеткіштер болады ғой деп ойлаймын. Әсіресе бізде қызмет көрсету көрсеткіштері өте жақсы. Әсіресе  тауар айналымы, транспорттық, байланыс көрсеткіштері, сыртқы елдермен саудасаттық елдің экономикасының дамуына сеп болды.   

Жылан жылында Қазақстанда ішкі жалпы өнім 6 пайызға өседі деп күтілуде. Бұл үшін ұлттық банктегілер несие саясатын тұрақтандыруды қадағаламақ.

Гүлбану Ахметова