Көлік және жолдар

Жаңа жыл түні такси қызметіне сұраныс мол болды

 

Қоңыраулар таңғы сағат 8-ден басталған. Алайда “31 -нен біріне қараған түні телефонға дамыл болмады”,- дейді такси қызметінің диспетчерлері. Өйткені туыстары мен достарын құттықтауға баратын тұрғындардың көбі таксиге тапсырыс береді.

Махаббат Өсіпова:
– 31-желтоқсан күні әрқашан осындай жағдай болады. Таксиді шақырып, керек жерге жетудің өзі қиын. Ұзақ күтесің.

Шағымдарға қарамастан “Бірлескен такси қызметі” 31 желтоқсанда 600 адамға қызмет етіп үлгеріпті. Қоңыраулар саны өзге күндері 100-ден сәл асады.

Денис Костиков, такси паркінің әкімшісі:
– Бұл күндері, әрине, тапсырыстар 5 есе артық болды. Күн сайын осыншама қоңырау шала бермейді. Бірақ біз бұған дайын болдық.

Такси қызметінің осыншалықты сұранысқа ие болуына қалаішілік бағыттардың жүргізушілері себеп болған. Олар мереке күндері жұмыстарын ертерек аяқтапты.

  Евгений Шикалиев,  №9 бағыттың жүргізушісі:
– Біздің де мерекеге үлгеруіміз керек болды. Сондықтан 11-ге дейін жұмыс істеген жоқпыз. Мен өзім 9-ға дейін жұмыста болдым.

Ал осы 9 автобустың бағыты көптеген тұрғындар үшін тиімді. Сондықтан мереке қарсаңында бұл бағытта 14 көлік шығару жоспарланыпты.

  Болат Рақымов, «Петропавл-Норд» ЖШС директоры:
Егер де жүргізушінің кесірінен маршруттар жолға шықпаған болса тиісті шаралар қолданылады. Өйткені біз ең алдымен тұрғындарға сапалы қызмет етуіміз керек.

Ал «Жолаушы-СК» ЖШС  жүргізушілерді қолдап отыр. Өйткені бұл күндері қоғамдық көлікпен қатынаушылардың саны аз болды дейді олар. Сондықтан көптеген автобустар кешкі сағат 10-да тоқтаған.

Инеш Шоқақова