Спорт

Велоспортшылар мектебі жылды қорытындылады



 

Өткен жыл солтүстікқазақстандық велоспортшылар үшін жеңістерге толы болды. 5 спортшы “ҚР спорт шебері” атағын алды, ал Артем Захаров «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды. Жерлесіміз Александр Винокуров Лондон олимпиадасында ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Бұдан кейін осы спорт түрінен Қазақстанға Алексей Луценко жеңіс әкелді. Ол велоспорттан әлем чемпионы атағына ылайық деп танылды.

Алексей Луценко, әлем чемпионы:
Осы жылы мен барлық жоспардағы істерімді табысты аяқтадым деп санаймын. Әрине ең үлкен жетістігім ол әлем чемионы атағы, және де Канадада әлем кубогының жүлдегері болғаным.Менің алға қойған мақсатым  – «Астана» кәсіпқой командасына кіріп,бұдан да үлкен белестерді бағындыру.
 
Алексей Луценко қаладағы олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған велоспорт мектебінде оқыпты, әлі де осында шынығып жүр. Қазіргі уақытта бұл мектепте 13 білікті маман оқу-жаттықтыру жұмыстарын жүргізуде. Жаңа жыл қарсаңында аталған мектептің 40 велошабандозы ақшалай сыйақыға ие болды.

Серік Рахимов, ҚР велосипед спорты федерациясының президиум мүшесі:
Бұл жыл біз үшін өте сәтті аяқталды. Биыл біз Лондондағы олимпиададан және андерлар арасындағы әлем чемпионатынан екі алтын медаль иелендік.Сонымен қатар теміржолшылар арасындағы әлем чемпионатында барлық үш орынды біздің жерлестеріміз жеңіп алды.  


Жаттықтырушылар да облыстық спорт, дене шанықтыру және туризм басқармасы бастығының алғыс хаты және құрмет грамотасымен марапатталды.