Қылмыс

Полицейлер Жаңа жыл мейрамында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды

 

 

Телефон қоңырауларының басым бөлігі спирттік ішімдікке сылқия тойып, шу шығарғандарға қатысты. Мас күйінде көлік тізгінін ұстағандар да бар. Мәселен 37 жастағы «Citroen» автокөлігінің иесі Интернационал мен Тоқсан би көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызылына өтіп, «Ореl» авто көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасын тергеу барысында екінші көлік иесінің де мас екендігі анықталып, «Ореl» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы үшінші қалалық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді. Осы күні хирургия бөліміне сол жақ аяғына тиген пышақ жарақатымен Жуков көшесіндегі үйлердің бірінің 42 жастағы тұрғыны жеткізілді. Бұл жанжалға да ащы су себеп болған көрінеді.

Дәулет Теміров, СҚО ІІД ЖБО бастығының орынбасары:
– 28 жастағы Сенное көшесінің тұрғыны екеуара туындаған келіспеушілік барысында өзімен бірге тұратын 26 жастағы серігін пышақтап тастаған. Жарақат алған жас жігіт оқиға орнында мерт болып, күдікті тергеу абақтысына қамауға алынды.

Самат Есмағи